Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балаларының көзінше әйеліне 39 рет пышақ сұққан бұрынғы полицей 15 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Балаларының көзінше әйеліне 39 рет пышақ сұққан бұрынғы полицей 15 жылға сотталды

Алматыда азаматтық әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, өткен жылдың мамыр айында жанжал кезінде ер адам әйелге балаларының көзінше 39 рет пышақ ұрған. Содан кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ аман қалған.

Сот процесінде ер адам қатты ашу жағдайында әрекет еткенін және болған оқиғаны тек ауруханада ғана түсінгенін мәлімдеді. Бұл нұсқаны сот қабылдаған жоқ.

Бұрынғы полиция қызметкері азаматтық әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Бұдан басқа, марқұмның отбасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндіріліп алынды.

Ерлі-зайыптының артында үш баласы қалды. Әйелдің туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда үкім шыққаннан кейін сот шешіміне көңілдері толатынын мәлімдеді.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар