Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екінші рет мас күйде ұсталған жүргізуші өмір бойы көлік жүргізе алмайтын болды

kz.kursiv.media

Екінші рет мас күйде ұсталған жүргізуші өмір бойы көлік жүргізе алмайтын болды

Ақмола облысында екінші рет мас күйде ұсталған жүргізуші сотталып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Облыстық прокуратура мәліметінше, бұған дейін ол 2031 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Сонда да Біржан сал ауданының тұрғыны қайтадан алкогольдік масаң күйде автокөлік тізгіндеген.

Сот талқылауы барысында аудан прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Сот ер адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп таныды.

«Жасалған қылмыс үшін оған 10 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген ақпаратта.

Ал Қостанайда мас күйде көлік жүргізген ер адам 1 жарым жылға сотталған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар