Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мойынқұмдағы екінші АЭС-ті қандай компания салады

kz.kursiv.media

Мойынқұмдағы екінші АЭС-ті қандай компания салады

Балқаш маңы мен Мойынқұмда екі атом электр станциясы салынатыны белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаев станция құрылысын созбай, 2027 жылдан бастауды тапсырған.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Балқаш көлінің жағасында бой көтеретін атом электр станциясының құрылысы 2035 жылға қарай аяқталуы мүмкін.

«Балқаш» АЭС-і ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бастаған халықаралық консорциуммен бірлесе салынатыны белгілі. Ал екінші «Мойынқұм» АЭС-ін салу мәселесі Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясымен (CNNC) талқыланып жатыр.

Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын алғашқы атом электр станциясының қуаты 2,4 ГВт-ты (әрқайсысы 1,2 ГВт болатын екі блок) құрайды. Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мердігер құрылыс алаңына шыққан сәттен бастап, нысан жеті жылда салынып бітетінін айтқан. алғашқы АЭС құны 16,4 млрд долларға бағаланып отыр.

Екінші «Мойынқұм» АЭС-і де Балқаш көлінің жағасында орналасады және оның қуаты да 2,4 ГВт-ты (екі блок) құрайды.

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін отандық АЭС-тер үшін уран қорын қалыптастырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар