Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

19 жастағы Мадинаның өлімі: марқұмның денесі қайта қазып алынды

kz.kursiv.media

19 жастағы Мадинаның өлімі: марқұмның денесі қайта қазып алынды

Алматы облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының жұмбақ өліміне қатысты іс бойынша оның денесі қабірден қайта қазылып алынып, эксгумация жасалып, екінші мәрте сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнынан арнайы репортаж жүргізген Жан Ахмадиевтің айтуынша, қазіргі уақытта зират басында полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Дәл қазір біз Алматы қаласының маңында, небары 19 жасында көз жұмған Мадина қарындасымыздың бейітінің басында тұрмыз. Оның жұмбақ өліміне қатысты бұған дейін де бірнеше рет мәселе көтердік. Алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән келтіріп, қайта сараптама жүргізуді талап еткен едік. Бүгін полиция қызметкерлері мен тиісті мамандардың қатысуымен денесі қабірден қазылып алынады», – деп түсіндірді Жан Ахмадиев.

Блогер қазақы ұғымда қабірді қайта ашу оңай шешім емес екенін, бірақ істің ақ-қарасын анықтау үшін осындай ауыр қадамға баруға тура келгенін атап өтті. Марқұмның артында 8 айлық сәбиі қалған.

Түсірілім тобы ұсынған кадрларда бойжеткеннің денесінде соққы мен созылмалы жарақат іздері бар екені байқалады.

«Небары 19 жастағы қыз, артында 8 айлық сәбиі қалды. Біз ешкімді алдын ала кінәлаудан аулақпыз, бірақ Мадинаның өліміне қатысты ақиқат толық ашылуы тиіс. Ол өмірге қайта оралмайды, бірақ шындықтың көміліп қалуына жол бермеуіміз керек. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстаймыз, әділдік үшін күрес жалғасады», – деді ол.

​Қазіргі таңда қайта тағайындалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы күтілуде. Аталған іс бойынша тергеу амалдары ары қарай жалғасады.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жергілікті полиция өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар