Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Текеліде экскаватор 11 жастағы оқушыны қағып өлтірді

kz.kursiv.media

Текеліде экскаватор 11 жастағы оқушыны қағып өлтірді

Текелі қаласында дөңгелекті экскаватор жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жетісу облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы жол қиылысында болған. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

«Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Жетісу облысы ПД өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.

Әзірге қай ұйымға тиесілі екені және бұл маңда қандай жол жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда таңертең мектепке бара жатқан оқушыны көлік қағып, 8 жастағы қыз сол жерде қайтыс болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар