Баянауылда тікұшаққа оқ тиді: «Қазавиаорманқорғау» оқиғаға қатысты пікір білдірді
Павлодар облысында орманды қорғауға арналған тікұшақтың зақымдану мән-жайы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұған дейін Telegram-арналарда Баянауыл ұлттық паркі аумағында әуе кемесіне оқ тигені туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ тікұшақтың артқы бөлігіндегі вертикальды тұрақтандырғышқа тиіп, оны тесіп өткен. Оқтың кім тарапынан және қандай жағдайда атылғаны әлі белгісіз.
Ал «Қазавиаорманқорғау» мекемесі орман күзетіне пайдаланылатын тікұшақтың зақымданғанын растады. Дегенмен кәсіпорын өкілдері оқиғаның 1 қараша күні Баянауыл авиациялық бөлімшесі аумағында болғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарының қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген мәлімдемеде.
Дегенмен «Қазавиаорманқорғау» зақымданудың нақты себебі мен сипатын ашып айтқан жоқ.
Айта кетейік, шілде айында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған орман өрті тікұшақ көмегімен дер кезінде ауыздықталған еді.
- Соңғы
- Қараша, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қараша 2026