Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жыл соңына қарай көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін – министр

kz.kursiv.media

Жыл соңына қарай көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін – министр

Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы соңғы айларда шамамен 11%-ға төмендеген. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, қараша-желтоқсан айларында автосалондардағы жеңілдіктер көбейіп, көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін. Бұл туралы министр Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда өндірілген автомобильдердің құны біртіндеп төмендеп келеді. Қазірдің өзінде кейбір көліктер бұрынғы бағасынан шамамен 10%-ға арзан сатылып жатыр. Бұған қоса, автосалондар түрлі акциялар өткізіп жатыр.

«Мен бағаның төмендеп жатқанын байқап отырмын. Соңғы айларда Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы шамамен 11%-ға арзандады. Оның үстіне, қазір жеңілдіктер де бар», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр жыл соңында баған тағы төмендейді деп пайымдайды. Оның сөзінше, қараша-желтоқсан айларында сатып алушылар жаңа модельдерге қызығушылық танытады. Сондықтан автосалондар биыл шығарылған көліктерді тиімдірек бағамен сатуға тырысады.

«Жыл соңына жақындаған сайын биыл шығарылған модельдерге сұраныс өзгереді. Адамдар 2027 жылғы көліктерді алуға ұмтылады. Қазір қараша мен желтоқсан жақындап қалды, жеңілдіктер болатыны түсінікті. Меніңше, бағалар әлі де төмендейді», – деді министр.

Ерсайын Нағаспаевтың мәліметінше, былтыр Қазақстанда 171 мың автомобиль шығару жоспарланған болса, биылғы меже – 191 мың көлік.

Министр елімізде іске қосылған бірнеше автозауыттың өндірістік қуаты әлі толық пайдаланылмай отырғанын атап өтті. Мәселен, Алматы облысындағы Kia зауыты жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы. Ал Алматыдағы қытайлық брендтерді құрастыратын мультибрендті зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 мың көлік. Алайда екі кәсіпорын да әзірге толық өндірістік қуатына шықпаған.

Брифингте министрден Қазақстанда құрастырылатын автомобильдердің бағасы төмендеген жағдайда сапасына әсер етпей ме деген сұрақ та қойылды.

Ерсайын Нағаспаев бұл мәселе өндіруші компаниялардың жауапкершілігінде екенін айтты. Дегенмен, ол Allur және Astana Motors сияқты тәжірибелі компаниялар өнім сапасын төмендетуге жол бермейді деп санайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар