Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда екі оқушыны зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

kz.kursiv.media

Павлодарда екі оқушыны зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда екі мектеп оқушысына қатысты заңсыз әрекеттер жасалды деген күдікпен тергеу басталды. Оқиға мектеп психологының оқушылармен әңгімелесуі кезінде белгілі болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл ақпарат белгілі болған бойда білім беру мекемесі полицияға және оқушылардың заңды өкілдеріне хабар берген. Қазіргі уақытта зардап шеккен балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымдастырылды.

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар