Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда аялдаманың әйнегі әйелдің үстіне құлады: әкімдік жауап берді

kz.kursiv.media

Алматыда аялдаманың әйнегі әйелдің үстіне құлады: әкімдік жауап берді

Алматыда Мақатаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында автобус күтіп отырған тұрғынның үстіне аялдама павильонының әйнегі құлаған, деп хабарлайды Kursiv Media

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, оқиға күндізгі сағат 13:50–13:55 шамасында болған. Ол аялдамада отырғанда үстіне кенеттен әйнек құлаған.

«Бағыма орай үстімде күртешеа болды. Бұған кім жауап береді? Аялдамадағы әйнектерді дұрыстап бекітуге болмай ма? Бұл адам көп жиналатын орын ғой! Егер мұнда кішкентай бала болғанда не болар еді?» – деп ашынды ол.

Алматы қаласының әкімдігі бұл жағдайға байланысты RTS инвестор-компаниясымен байланысқа шыққанын хабарлады. Мердігер ұйым зақымдалған әйнекті келесі күнге дейін ауыстыруға уәде берген.

«Мамандар оқиға орнында зақымданудың ықтимал себептерін тексереді. Жұмыстар аяқталған соң фотоесеп беріледі», – деп хабарлады әкімдіктен.

Жауапты мекеме бұл мәселенің орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Төрт жылға созылған соттан кейін Алматыдағы заңсыз аялдама сүрілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар