Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдің "Москва" ракеталық ірі кемесі батып кеткені хабарланды

azattyq.org

Ресейдің Москва ракеталық ірі кемесі батып кеткені хабарланды

Ресейдің "Москва" ракеталық крейсері порттағы тұрағына келген сәтте батып кетті. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Министрлік кеме теңіздегі дауылдан тепе-теңдік сақтай алмады деп отыр.Ресей теңіз әскерінің флагманы саналатын "Москва" кемесі кеше, 13 сәуірде өртенген еді. Ресей тарабы ракеталық крейсерде алдымен өрт шығып, қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданғанын айтқан. Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлаған, бірақ өрттің неден шыққанын айтпаған еді. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы "Нептун" ракетасынан "Москва" крейсеріне шабуыл жасалғанын, кеме қатты зақымданғанын айтқан."Москва" крейсері 1976 жылы пайдалануға берілген, Ресей әскерінің Қара теңіздегі ең негізгі кемесі еді. Украина басылымдарының хабарлауынша, "Москва" крейсері Одесса облысы Змеиный аралына шабуылға қатысқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 тамыз 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар