Шымкентте базар қоймасы өртеніп жатыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қосалқы бөлшектер сататын базар қоймасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен. «Абай ауданы, Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-і автобөлшектер базарының аумағында орналасқан қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр автобөлшектер мен аксесуарлар жанды. Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Бірақ әлі толық сөндірілген жоқ» делінген хабарламада. Кейіннен хабарлағандай, базардан шыққан өрт сағат 01:23-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 наурыз 2026
16 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар