Күн суытуына байланысты Тараз бен Шымкент арасында жол жабылды

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстігінде ауа райының күрт суытуына байланысты «Алматы- Ташкент» тасжолы жабылды. Бұл туралы Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 28 қараша сағат 12:30-дан бастап республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас - Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент» автомобиль жолының 593-618, 618-654 шақырымында (Шақпақ - Шұқырбұлақ, Шұқырбұлақ – Машат асуы аралығында) ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық көлік түріне жүруге тыйым салынды. «Түркістан облысы және қонақтары, сіздерден ұзақ жолға шықпауларыңызды өтінеміз» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 16
-
-
- Қазан, 15
-
-
- Қазан, 14
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
- Қазан, 10
-
-
-
- Қазан, 08
-
-
-
- Қазан, 02
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 қазан 2025
17 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар