Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметі. Оқиға «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытындағы КС7056 рейсінде болған. «Ұшақ сағат 14:34-те ұшып кетіп, техникалық себептерге байланысты қайтып оралды. Әуе кемесін ауыстыру жүргізіледі», – делінген хабарламада. Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған бағытта ұшақтың ұшуы сағат 23:40-қа жоспарланып отыр. Ал Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратта Fly Arystan әуе компаниясының Airbus A32 үлгідегі ұшағының бүгін кешігетіндігі көрсетілген.
- Соңғы
- Маусым, 14
-
-
- Маусым, 13
-
- Маусым, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 маусым 2026
15 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар