Астанада нәрестесін кәрізге тастап өлтірген күдікті әйел ұсталды
Астанада тұрғын үйдің кәріз жүйесінен табылған жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы әйел ұсталды.
Тұрғындардың айтуынша, әйел қонақүй бөлмесінде өздігінен босанып, шақалақты кәріз ағызғышына тастаған. Салдарынан мәйіт құбыр арқылы тұрғын үйдің кәріз құдығына жеткен.
3 шілде күні үйдің кәріз жүйесіне қолжетімділігі болған жергілікті тұрғын жаңа туған сәбидің мәйітін тапқан.
«Алғашында кәдімгі бітеліп қалған кәріз шығар деп ойладым. Ұзын таяқпен құбырды тазалай бастадым. Су кеткен соң алдымен біреу тауықты ағызып жіберген шығар деп ойладым. Кейін оның нәрестенің денесі екенін түсіндім. Екі аяғы көрініп тұрды», – деді жергілікті тұрғын.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ал Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестеге Батыр есімі берілген болатын.
- Соңғы
- Шілде, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 шілде 2026