Қазақстандық жас футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
14 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен келісімшартқа қол қойды.
Ол енді каталониялық клубтың жасөспірімдер командаларында өнер көрсетеді. Меңдіқнов бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сапында да ойнаған.
«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды жас футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол жазбасына «Барселона» кеңсесінде түскен суретін де жариялады.
Кәрім Меңдіқанов 2011 жылғы 10 қарашада Орал қаласында дүниеге келген. «Барселонаға» ауысқанға дейін Каталонияның «Сан-Кугат» клубында ойнады.
Сондай-ақ Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында бір матч өткізген.
Сондай-ақ, лондондық «Челсидің» 17 жасар қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтбаев осы аптада ағылшын клубының жейдесінде алғаш рет алаңға шығуы мүмкін.
- Соңғы
- Шілде, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 шілде 2026