Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп 6,6 млн теңгесінен айырылды

kz.kursiv.media

ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп 6,6 млн теңгесінен айырылды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеп беремін деген желеумен жасалған алаяқтық фактісі тіркелді.

Yk-news.kz мәліметінше, Зайсан қаласының 21 жастағы тұрғыны танысының алдауына түскенін айтып, полицияға жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, ол биыл ақпан айында Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде бірге мерзімді әскери қызмет атқарған танысымен қайта байланысқа шыққан. Әлгі азамат өзін Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтінін айтып, жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесетінін жеткізген.

Уәдеге сенген жас жігіт алдымен келісілген соманы аударған. Кейін күдікті түрлі себептерді алға тартып, қосымша ақша жіберуді бірнеше рет сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші жалпы сомасы 6,6 миллион теңгеден астам қаржы аударған. Оның бір бөлігі белгісіз адамдардың есепшоттарына жіберілген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аайта кететін жайт, алаяқтар зейнеткерлерді банкте тортқа салынған петарданы жаруға мәжбүрлеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар