Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы Брайль қарпінде жарық көрді

kz.kursiv.media

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы Брайль қарпінде жарық көрді

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романының Брайль қарпінде басылған жаңа басылымының таныстырылымы өтті.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқырмандарға арнайы форматта жарық көрген кітап таныстырылып, шығарманың тарихи және көркемдік маңызы кеңінен сөз болды. Романда қазақ халқының тағдыры, ұлттық болмыс, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен отансүйгіштік құндылықтары кеңінен көрініс тапқан», – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, 2026 жылы «Тағдыр» романы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған туынды ретінде таңдалды.

Брайль қарпінде жарық көрген басылым зағип және нашар көретін оқырмандардың көркем шығарманы еркін оқуына мүмкіндік беріп, кітап оқу мәдениетін дәріптеуге және ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталып отыр.

Мұның алдында Мәдениет министрлігі қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқитынын жариялады. Тізімді Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда халықтың 47 пайызы кітап оқиды деп көрсетілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар