Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайдағы KIA Qazaqstan көлік зауыты 5,8 млрд теңге шығынға батты

kz.kursiv.media

Қостанайдағы KIA Qazaqstan көлік зауыты 5,8 млрд теңге шығынға батты

«KIA Qazaqstan» компаниясы 2025 жылы 5,8 млрд теңге шығынға батты. Бұл көрсеткіш көлік құрастыратын зауыттың іске қосылуы және өндірістің алғашқы кезеңіндегішығындармен тікелей байланысты. Бұл туралы компанияның қаржы есебінде жазылған.

«KIA Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2023 жылы құрылған. Кәсіпорын Қостанай қаласында орналасқан зауытында КIA маркалы автокөлік құрастырады.

Автокөлік құрастыру зауытының құрылысы 2025 жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл зауыттың алғашқы толық өндірістік циклінің басталуына негіз болды.

Зауыт бірнеше стратегиялық серіктеске тиесілі. Акцияларының 50 пайызы «КИА Ресей және ТДМ» жауапкершілігі шектеулі қоғамының иелігінде Бұл компанияның түпкі заңды иесі – Оңтүстік Кореяның трансұлттық «Kia Corporation» концерні.

Кәсіпорынның тағы 40 пайыз үлесі «Laurus Invest» серіктестігінің меншігінде. Ал бұл құрылымның түпкілікті иелері ретінде Салтанат Сарсембаева, Алексей Богатов, Александр Лаврентьев және Андрей Лаврентьев тіркелген.

Қалған 10 пайыздық үлес мемлекеттік «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қарайды.

2025 жылы зауыттың жалпы қаржы түсімі, яғни сатудан түскен түсімі 28,6 миллиард теңгені құрады. Алайда шығарылған өнімнің өзіндік құны бұл сомадан асып кетіп, 28,9 миллиард теңгеге жетті. Осыған байланысты кәсіпорын 239 миллион теңге жалпы шығынға ұшырады.

Оған қоса зауыттың жұмысын қамтамасыз ету үшін 5,7 миллиард теңге әкімшілік шығын жұмсалды. Өнімді нарыққа өткізу және коммерциялық мақсаттар үшін тағы 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталды.

Кәсіпорынның басқа да операциялық шығыны 5,6 миллиард теңгені құрады. Осы шығындардың барлығы жиналып, салықты шегергенде, компанияның таза шығынын 5,8 миллиард теңгеге жеткізді.

Қаржы есебі бойынша, зауыттың жалпы активтері 231,2 миллиард теңгені құрады. Кәсіпорынның меншікті капиталы 126,1 миллиард теңге деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар компанияның жалпы міндеттемелері 105,1 миллиард теңгеге тең.

Міндеттемелердің негізгі бөлігін жеткізушілер алдындағы сауда қарызы құрап отыр. Зауыт басшылығы алдағы уақытта 30 мың автокөлік құрастырып сату және бас компания тарапынан берілген 150 күндік пайызсыз төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігін пайдаланып, қаржы жағдайын толық тұрақтандыруды жоспарлап отыр.

Зауыт 2026 жылдың үш айында 4 640 автокөлік шығарған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар