Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында жасырын алтын өңдейтін цех анықталды

kz.kursiv.media

Ақмола облысында жасырын алтын өңдейтін цех анықталды

Ақмола облысы Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірген топтың қызметін анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен заңсыз әрекет тоқталды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды. Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді», – делінген ақпаратта.

Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылыпты. Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда. Ұйымдастырушы қамауға алынды.

ҚМА хабарлауынша, тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ал Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өндіріп сатқан 4 фармацевтикалық компания анықталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар