Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қосшыдағы бассейнде алты жасар бала суға батып кетті

kz.kursiv.media

Қосшыдағы бассейнде алты жасар бала суға батып кетті

Қосшыдағы демалыс орнындағы бассейнде алты жасар бала суға батып кетті. Полиция баланың өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қайғылы оқиға бүгін, 17 шілдеде болды. Демалыс орнының аумағында баланың қайтыс болғаны туралы хабарламаны полицияға жедел әрекет ету қызметі жеткізді.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», – деп хабарлады Ақмола облыстық полициясы.

Оқиғаның егжей-тегжейін полиция жарияламады. Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды су жанында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бұған дейін Ақмола облысында апалы-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып кеткені хабарланған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар