Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

CNN: АҚШ, Ресей мен Қытай ядролық полигондарын кеңейтіп жатыр

azattyq.org

CNN: АҚШ, Ресей мен Қытай ядролық полигондарын кеңейтіп жатыр

Ресей, АҚШ пен Қытай кейінгі жылдары жаңа нысандар салып, ядролық қару сынайтын полигондарға арналған жаңа туннельдер қазған. Бұл жөнінде еш жерде жарияланбаған спутник суреттеріне сүйенген CNN арнасы хабарлады.Ядролық сынаққа дайындалып жатқанын дәлелдейтін суреттер жоқ, алайда үш ядролық полигонның инфрақұрылымы 2018 жылғы суретпен салыстырғанда едәуір өзгерген, деп жазды журналистер.Қытай полигоны – Шыңжаңда, Ресейдікі – Солтүстік Мұзды мұхиттағы Жаңа жер архипелагында, АҚШ полигоны Невада шөлінде орналасқан.CNN мәліметінше, Қытайдағы полигонда кейінгі екі-үш жылда жаңа туннель қазылып, жол және жарылыс заттарын сақтайтын қойма салынған.Жаңа жердегі ядролық полигонның кеңейгенін 2022 жылы ақпанда сарапшылар да байқаған. Суреттерге қарағанда, 2021-2023 жылдары архипелагқа кемелер мен көлік контейнерлері келген, таудан туннельдер қазылып, жолдар тазартылған.Невада ядролық полигоны үстінен түсірілген суреттерге қарап, нысан 2018-2023 жылдар аралығында едәуір ұлғайған деп айтуға болады, деп тұжырымдайды журналистер. АҚШ энергетика министрлігі мен НАСА өкілдерінің айтуынша, Невадада бұрыннан бері ғылыми тұрғыда сынақ жүргізіліп келеді, ал қарулар ядролық сынақсыз жаңа технология көмегімен сыналып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар