Түркістанда 70 жаңа жоба жүзеге асады
Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру қарқыны күшейтілуде. Биыл өңірде жалпы құны 793,9 миллиард теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 5 190 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.
Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, бастапқы жоспар қайта қаралды. Талдау барысында іске асырылу тәуекелі бар 10 жоба анықталып, олардың орнына жаңа 13 жоба енгізілді. Осылайша өңірдің инвестициялық қоржыны толықтырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің айтуынша, жыл басынан бері жалпы құны 33,4 миллиард теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды. Соның нәтижесінде 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылығы да артып келеді.
Айта кетейік, жуырда қытайлық компаниясының өкілдерімен кездесу өтіп, Түркістан облысында киви өсіру және жылыжай кешендерін салу мүмкіндіктері талқыланды. Инвесторлар Сайрам мен Келес аудандарындағы әлеуетті жер телімдерімен танысып, алдағы жұмыстардың нақты жоспарын әзірлеуге кіріскен. Мамандардың айтуынша, инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асуы жаңа өндіріс орындарының ашылуына, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға жол ашады.
Нұргүл Жолымбетова
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 04
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 тамыз 2026