Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Кипрде шабуылдан зардап шеккен қыз Қазақстан азаматы болмай шықты

kz.kursiv.media

Солтүстік Кипрде шабуылдан зардап шеккен қыз Қазақстан азаматы болмай шықты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қызға жасалған шабуылға қатысты мән-жай айтылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 3 тамызда болған. Ер адам қызды бірнеше рет пышақтап, кейін сол қарумен өзінің тамағына жарақат салған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін ҚР СІМ шабуыл салдарынан Қазақстан азаматы зардап шеккенін растаған болатын, алайда кейін әйелдің басқа елдің азаматы екені анықталды.

«Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен ңәйелдің Қазақстанда туғаны, алайда Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – делінген хабарламада.

Солтүстік Кипр полициясы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу бастады. 22 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар