Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚМДБ тойдағы уағызға қатысты мәлімдеме жасады

kz.kursiv.media

ҚМДБ тойдағы уағызға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде «Музыка – харам, ал әншілер – шайтанның азаншысы» деген мазмұнда тойда пікір білдірген ер адамның видеосы тарап, қоғамда үлкен талқылау тудырды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арнайы мәлімдеме жасап, діни мәселелерге қатысты пікір білдіру үлкен жауапкершілікті талап ететінін еске салды.

Муфтият өз мәлімдемесінде Ислам дінінің негізгі ұстанымдарын атап өтті:

«Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Діни басқарманың түсіндіруінше, ислам діні адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді құптамайды.

Алайда отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат берілетіні жайында Ислам ғалымдарының ортақ пікірі бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қауымын, барша халықты әрқашан өзара құрметке, парасатқа, көркем мінезге және бірлікке үндейді.

Муфтият ел азаматтарын сөз жауапкершілігіне ден қоюға, діни мәселелерде тек ресми діни қызметтегі білікті ғалымдардың түсіндірмесіне сүйенуге және қоғамның ауызбіршілігін сақтауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұл жағдайға қатысты Ерлан Қарин де пікір білдірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар