Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

US Open 2026: Александр Бублик пен Винус Уильямс миксте бірге ойнайды

kz.kursiv.media

US Open 2026: Александр Бублик пен Винус Уильямс миксте бірге ойнайды

Теннистен АҚШ ашық біріншілігінде (US Open) Қазақстанның екі теннисшісі микст санатында ойнайды. Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасса, Александр Бублик әйгілі Винус Уильямспен бірге ойнайды.

Үлкен дулығы турнирін ұйымдастырушылар дүйсенбі күні жұлдызды жұптар тізімін жариялады. Оған Қазақстанның ең мықты екі теннисшісі енді.

Рыбакина/Фриц жұбы биыл да бірге ойнауға келісті. Олар былтыр алғашқы раундта турнир чемпиондары – Сара Эррани мен Андреа Вавассориге есе жіберген.

Ал енді Бублик/Уильямс жұбы турнирдің нағыз сенсациясына айналып отыр. 46 жастағы Винус қазақстандық теннисшіден 17 жас үлкен. Бір қызығы, екеуі де бір күнде – 17 маусымда дүниеге келген. Миксте бірге ойнау туралы ұнысты кім бірінші жасағаны әзірге белгісіз.

Жұлдызды жұптар чемпионаты 24 тамызда басталып, үш күнге созылады. Матчар USTA Billie Jean King ұлттық теннис орталығында, Grandstand және Louis Armstrong стадиондарында өтеді. Көрермендер ойынды тегін тамашалай алады.

Микстке барлығы 32 дуэт қатысады. Басқа да жұлдызды жұптар:

Биыл US Open 23 тамызда басталып, 13 қыркүйекте аяқталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар