Шымкентте cалынып жатқан құрылыстан өрт шықты
Шымкент қаласында cалынып жатқан құрылыстан өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды оқшаулады.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Дулати көшесінде салынып жатқан нысанның сегізінші қабатында ағаш қалыптар жанды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт қарқынды түрде өршіп, сегізінші қабатта ашық жалын байқалды», – делінген ақпаратта.
ТЖД мәліметінше, жедел өрт сөндіру оқпандары берілген. Қатты желдің салдарынан өртті сөндіру жұмыстары қиындай түскен.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жалын басқа қабаттарға таралмаған. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қарағандыда еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері өртеніп жатқан пәтерден бес баланы құтқарды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 тамыз 2026