Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Музыканы харам деген қарияға қарсы полиция қылмыстық іс қозғады

kz.kursiv.media

Музыканы харам деген қарияға қарсы полиция қылмыстық іс қозғады

«Музыка харам, ал әншілер – шайтан азаншысы» деп тойда тілек айтқан тұрғынға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Ол Түркістан облысының 66 жастағы азаматы екен.

ІІМ тойға келіп тілек айтқан қарияның сөзін діни және әлеуметтік араздықты қоздырды деп бағалап, қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Желіні шулатқан оқиға Түркістан облысы, Жетісай ауданында өткен тойдың бірінде болған. Ортаға тілек айтуға шыққан ер адам тойдың өтуін сынға алып, ән салуға келген әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атаған. Тіпті әйелдерді ұрғашыға теңеп, ер мен әйел бөлек отыруы керек дейді. Сол тойда болған әнші Роза Әлқожа қарияның пікіріне ашуланып, оның сөздері теріс ағым идеологиясына ұқсайтынын айтты. Тіпті президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де үн қосып, реакция білдірді.

Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасап, өнер өкілдерін айыптау және әйелдерді кемсіту – өрескел қателік деді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар