Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ұмай" ипотекасымен үй алу үшін отбасының табысы қанша болуы шарт

kz.kursiv.media

Ұмай ипотекасымен үй алу үшін отбасының табысы қанша болуы шарт

Отбасы банк «Ұмай» ипотекасының бірқатар шарттарын жариялады. Аталмыш бағдарлама бойынша қыз-келіншектер 50 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді сатып ала алады.

Бұл ретте отбасының жалпы табысы 1 млн 250 мың теңгеден аспауы шарт. Ал нақты өтінім қабылдау қашан басталады, өтінім беру тәртібі және қажетті құжаттардың тізімі әлі жарияланбаған. Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі де нақтыланбаған.

«Ұмайға» жұмыс істейтін, соңғы 6 айдағы ресми табысын растай алатын әйелдер қатыса алады. Мегаполистерден үй алу үшін бастапқы жарна ретінде баспана құнының 20 пайызын жинауы керек.

Бұған дейін «Ұмай» ипотека бағдарламасы тамызда басталатыны хабарланған. Оған 45 млрд теңге бөлінбек.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – тұрғын үйді таңдау еркіндігінде. Қатысушылар жаңа салынған үйді де, ескі нарықтағы пәтерлерді де сатып ала алады. Сонымен қатар, қай қалада тіркелгеніңіз маңызды емес және атыңызда өзге жылжымайтын мүліктің болуы бағдарламаға қатысуға еш кедергі келтірмейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар