Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шәуілдірде тіркелген ломбард иесіне 700 млн теңгеге жуық дивиденд төлейді

kz.kursiv.media

Шәуілдірде тіркелген ломбард иесіне 700 млн теңгеге жуық дивиденд төлейді

Түркістан облысындағы Шәуілдірде тіркелген «GoldFinMarket» ломбарды иесіне 700 млн теңгеге жуық дивиденд төлейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.

Хабарламаға сәйкес, ломбард 2025-2026 жыл аралығындағы 696 млн теңге таза пайда алған. Ұйымның жалғыз акционері бүкіл таза пайданы өзіне дивиденд ретінде төлеуді ұйғарған.

Былтыр ломбард таза пайдасын үш есе өсірген. Аудиторлық есебіне сәйкес, 2024 жылы ломбард 232 млн теңге табыс тапса, былтыр бұл көрсеткіш 696 млн теңгеге жеткен. Мекеменің өзі 2023 жылы құрылған.

Ломбард «GoldFinMarket» микроқажы ұйымы» ЖШС-на тиесілі. Ал түпкі иелері: Ақгүл Байдосова, Гүлжан Мұқан мен Патима Мамырбек.

Нарықтағы ломбардтардың үш айдағы таза пайдасы 55 млрд теңгеге жуықтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар