Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында жаңа су құбырын салуға 5 млрд теңге бөлінді

kz.kursiv.media

Ақтөбе облысында жаңа су құбырын салуға 5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ жер асты сулары кен орнынан су құбырын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба Ақтөбе қаласының Батыс-1, Батыс-2 және Батыс-3 шағын аудандарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сарыбұлақ кен орны облыс орталығынан 56 шақырым жерде орналасқан. Жоба аясында мұнда 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады.

Сондай-ақ топтық су құбыры салынып, желілер тұрғын үй алаптарына дейін жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары биыл басталады.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ақтөбе қаласының тұрғындары, сондай-ақ Алға және Мұғалжар аудандарындағы елді мекендер тәулігіне қосымша 70 мың текше метрге дейін ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сарыбұлақ кен орнының барланған қоры өңірді алдағы 30 жыл бойы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жалпы 2024-2026 жылдар аралығында Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Үкімет жалпы құны 610 млрд теңгені құрайтын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады.

Бұған дейін қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысы тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 2,9 млрд теңге бөлінді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар