Астана тұрғыны аттан құлап қаза тапты
Целиноград ауданындағы ат клубында Астана тұрғыны аттан құлап, ауыр жарақат алып, қаза тапты.
Полиция мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс 6 шілдеде қозғалған. Ал жарақат алған тұрғын 13 тамызда ауруханада көз жұмды.
Тергеу қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Қайғылы жағдай Целиноград ауданының аумағында орналасқан «Атлант» ат клубында орын алған.
Зардап шеккен азаматша көз жұмғаннан кейін қылмыстық іс қайта сараланады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 тамыз 2026