Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий консорциумы арқылы мұнай экспорты 3 есе төмендеуі мүмкін

inform.kz

Каспий консорциумы арқылы мұнай экспорты 3 есе төмендеуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл туралы КҚК мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дауылдан кейін жағалаудан шығарылатын құрылғыларды тексеру кезінде арнайы екінші жабдық бөлігіндегі 9-шы және 13-ші тармағындағы құбырға зақым келгені анықталған. Атап айтқанда, Каспий құбыр консорциумы осындай үш жабдықпен жасақталған. Бұл жабдықтар жағалаудан қашықтау жерден танкерлерге мұнай тиеуге мүмкіндік береді. «Жүйедегі аталған ақау күрделі болып саналады. Осы орайда құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы аталған жабдықтарды пайдалануды уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр», - делінген таратылған мәліметте. Осыған байланысты штаттан тыс жағдай мен нарықтың ағымдағы конъюнктурасында жаңа бөлшектерді жеткізуде елеулі қиындықтар болуы мүмкін екені айтылып отыр. Бұл жағдайда Консорциум басшылығы жақын перспективада жүк жөнелтуші өтініміне қарағанда мұнай тасымалы көлемі үш есе төмендеуі мүмкін екенін хабарлап отыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге біраз уақыт керек болуы ықтимал.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар