Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні атып кетті

azattyq.org

Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні атып кетті

Жапонияның батысындағы Нара қаласында белгісіз адам бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге оқ атты. Абэнің жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның мерт болғаны жайлы түрлі ақпарат тарап жатыр. Полиция өкілі саясаткердің жүрегі тоқтағанын айтқан. Бірақ ақпарат әзірге ресми түрде расталмады.Жапон үкіметінің хатшысы Хирокадзу Мацуно журналистерге Абэнің оққа ұшқанын растағанмен жағдайы белгісіз екенін айтты.NHK телеарнасы мен Киодо Цусин агенттігінің хабарлауынша, Абэ Нара вокзалы маңындағы митинг кезінде сөйлеген кезде ту сыртынан біреу экс-премьердің арқасына екі рет оқ атқан. Абэ жұртты алдағы жексенбі күні өтетін сенат сайлауында өз партиясы атынан қатысатын кандидатты қолдауға үндеген. Жарақаттанған премьер есінен танып қалған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, айналасындағылар саясаткердің жүрегіне массаж жасаған. Бұрынғы премьер ауруханаға жеткізілген.Ақпаратқа қарағанда, бұрынғы премьерге Нара қаласының 41 жастағы тұрғыны Тэцуя Ямагами шабуыл жасаған. Ол адам өлтірмек болды деген күдікке ілініп, қамалды. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, ол экс-премьерді қолдан жасалған бытыра мылтықпен атқан. Полиция қаруды тәркілеген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Тэцуя Ямагами бұрын Жапонияның теңіз күштерінде қызмет еткен.67 жастағы Синдзо Абэ 2020 жылы премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен. Бірақ Жапонияның басқарушы либерал-демократия партиясында ықпалды тұлға болып қалған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар