Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нидерланд Қазақстанға 124 млрд доллардан астам инвестиция салған

kz.kursiv.media

Нидерланд Қазақстанға 124 млрд доллардан астам инвестиция салған

2005–2025 жылдар аралығында Нидерландтан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 124 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Қазақстан–Нидерланд Іскерлік кеңесінің II отырысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасының кеңесшісі әрі міндетінатқарушы Дана Қасымова айтты.

23 маусымда Астанада Қазақстан мен Нидерланд арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған Қазақстан–Нидерланд Іскерлік кеңесінің II отырысы өтті.

Дана Қасымова Нидерландтың Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін және көптеген жылдар бойы ел экономикасына инвестиция салатын шетелдік инвесторлар арасында бірінші орын алып келе жатқанын атап өтті.

Айтуынша, 2005–2025 жылдар аралығында Нидерландтан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 124 миллиард доллардан асты.

«Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті қазіргі көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Нидерланд арасындағы өзара тауар айналымы 11%-ға өсіп, 6 миллиард доллардан асты», – деді ол.

Сондай-ақ Дана Қасымова Қазақстан–Нидерланд Іскерлік кеңесі екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей диалогты дамытуға арналған маңызды институционалдық алаң екенін атап өтті.

«Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Нидерланд бизнесінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте дәлелдейді. Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен Нидерландтың инновациялық тәжірибесінің үйлесуі жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамытуға берік негіз қалыптастырады деп сенеміз», – деді Дана Қасымова.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар іскерлік өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге, серіктестік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Нидерланд арасындағы жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақан Рахметуллин, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасының кеңесшісі / Басқарма төрағасы міндетін атқарушы Дана Қасымова, Қазақстандағы БеНиНюкс сауда палатасының бас директоры Арсен Мейрамбаев, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар