Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде президенттер бірнеше құжатқа қол қойды

aikyn.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде президенттер бірнеше құжатқа қол қойды

Түркияның астанасы Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммиті өтті. Саммитке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, саммитті өткізуді ұсынған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке және қонақжайлықпен қарсы алған Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты. Бұдан кейін Қазақстан Президенті жер сілкінісінен қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар