Ұлттық тағам мен ойындар: Қытайдағы Қазақстан елшілігі Наурыз мерекесін тойлады
Бұл туралы елшіліктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды. Мерекеге Бейжіңдегі қазақ елінің дипломаттары мен олардың отбасы мүшелері, Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының және Қазақстан ұлттық компаниялары өкілдіктерінің қызметкерлері, сондай-ақ Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілдері мен Қытай жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Салтанатты іс-шара аясында Қытайдағы танымал жазушы, Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты, Абай Құнанбайұлының шығармаларын қытай тіліне аударған қандасымыз Ақбар Мәжит жиналған қауымға ақ батасын берді, - делінген хабарламада. Елшілік мерекелік концерт ұйымдастырды, онда Бейжіңде жұмыс істейтін дипломаттар мен қазақстандықтардың балаларымен бірге жергілікті қандастар әртүрлі қойылымдарымен өнер көрсетті. Әртістердің орындауындағы «Наурыз мереке», «Наурыз-Думан» сияқты қазақ әндері, «Балдырған», «Аққулар» сынды билері жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар «асық ату», «арқан тарту», «тоғызқұмалақ» сияқты ұлттық спорт ойындары көпшіліктің көңілінен шықты. Мерекелік жиында көпшілікке арналған ұлттық тағамдардың дастарханы молынан жайылып, Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам – «Наурыз көже» ұсынылды.
- Соңғы
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
- Желтоқсан, 02
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
27 желтоқсан 2025
27 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар