"Қаңтар алдында Кәрім Мәсімов қалай болатынына дейін маған айтып берді" - генерал Амангелді Шабдарбаев
Бұл туралы ол "Abay live" Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Қаңтардың алдында мен Кәрім Мәсімовпен кездескенмін. Екеуміз әңгімелескенбіз. Сол кезде маған көп нәрсе айтып тастады. Қалай болатынына дейін маған айтып берді. Ешкімге бара алмайтынымды біліп ол маған бәрін айтып берді. Басында маған да, басқаларына да президент боламын деген ойын айтты. Ол президент бола алмайтынын білемін ғой. Ол қазақпын деді, найманмын деді. Наймандар оны қолдады, қазақша сөйлеуге тырысты. Ол өте сақ адам. Ол кішкене қорқақ, ашық шықпайды. Бір-біріне салып қояды, солай қазақты басқарады. Оның қолында үлкен билік болды. Ол маған "жаңа жыл басталғанда бәрі өзгеріп кетеді. Бәрі мүлдем басқаша болады" деді. Мен оны бір адамға айтқан жоқпын. Қаңтар кезінде Кәріммен сөйлескенім есіме түсіп, таң қалып қалдым", - деді генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
23 қыркүйек 2026
23 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар