Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақ үй Украинаға ATACMS зымырандарын беру жөнінде шешімге жақындады

azattyq.org

Ақ үй Украинаға ATACMS зымырандарын беру жөнінде шешімге жақындады

АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаға орта қашыққа ұшатын, кассеталы оқ-дәрімен жабдықталған зымыран беруді мақұлдауға жақын. Reuters агенттігінің хабарына қарағанда, шешім қабылданған жағдайда Киев Ресей басып алған Украина жерінің қашықтағы нысандарына елеулі соққы бере алады.Өткен айларда кассеталы оқ-дәрі салынған 155 миллиметрлік артиллерия снарядтардың тиімділігіне көзі жеткен АҚШ енді Украинаға 300 шақырым радиусты қамти алатын ATACMS тактикалық зымыран жүйесін немесе кассеталы оқ-дәрімен жабдықталған, радиусы 60 шақырымға жететін зымыран жүйесін беруді көздеп отыр. Екеуін бірдей беруі де мүмкін.Шешім мақұлданса, аталған зымырандар Украина қарулы күштеріне жылдам жеткізілуі ықтимал.ATACMS немесе GMLRS жүйелерін Украинаға беру мәселесі бойынша әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Украинаға ATACMS зымырандары берілсе, оны Мәскеу "Ресейге қарсы шектен тыс агрессиялық қадам" деп қабылдауы мүмкін деген де қауіп айтылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар