Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Адвокаттарды ұрған мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот айыппұл салды

azattyq.org

Адвокаттарды ұрған мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот айыппұл салды

Алматы соты заңгерлер - Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновты ұрып-соқты деген айыппен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Сот Нұрасыл Болатты кінәлі деп тауып, 500 АЕК (3,6 мың доллардан астам) көлемінде айыппұл салды. Сот шешімі бойынша, Тұрлыхановтың ұлы зардап шеккендерге екі мың доллардан аса материалдық және моральдық өтемақы төлеуге тиіс.Жәбірленуші тараптан адвокат Анна Чернова үкімге келіспейтінін, шағым түсіретінін айтты.Чернова Facebook желісінде үкімді "әділетсіз" деп жазба жариялады."Екі адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірді, әскери жарғы мен антты бұзып, әскерде қызмет ету орнына мас боп, серуендеп жүрді, кінәсін мойындамады, өкінбеді, бірақ айыппұл алды, меніңше, ол одан да аз алар еді", - дейді Анна Чернова.Чернова сот заңды өрескел бұзды деп санайды."Енді сіз Қазақстанда екі және одан да көп адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру - қымбатқа түспейтінін білесіз. Ауқатты адамдар мүлдем алаңдамаса да болады" деген адвокат "неде болса жеңдік, істі аяғына жеткізіп, депутаттың ұлы бұзақылық ниетпен ұрғанын дәлелдедік" деп жазған.Нұрасыл Болаттың сот шешімі жөніндегі пікірі белгісіз. Өзімен байланысу мүмкін болмады.Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат биыл ақпанда Алматыда заңгерлер - Анна Чернова мен күйеуі Олег Черновты ұрды деген күдікке ілінген. Черновтар Нұрасыл Болат көшеде қызды ұрып жатқанын көріп, араша түспек болған. Ал депутаттың ұлы Черновтарға жұдырық сілтеген. Нұрасыл Болаттың үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған еді.Дәулет Тұрлыханов ақпандағы оқиғадан соң журналистерге "ұлым кәмелетке толған, оның әрекетін ақтамаймын, барлық әрекетіне өзі жауапты. Ата-ана ретінде маған өте ауыр тиді. Үкімді құқық қорғау органдары шығарады" деген.3 шілдеде Нұрасыл Болат басшылықтың бұйрығын орындамағаны үшін гауптвахтадағы қамау жазасын өтеп болған соң қашып кеткені хабарланған. Кейін оны "бастықтың бұйрығын орындамады" деген айыппен 15 тәулікке қамады. Депутат Дәулет Тұрлыханов бұл оқиғаны "жас бозбала қызбен кездесу үшін кетіп қалған болар" деп түсіндірді.Депутат Тұрлыхановтың балаларына байланысты жұртшылыққа белгілі алғашқы жанжал емес. Қыркүйекте желіде Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы Әкежан Тұрлыхановтың көшеде қызды итеріп жіберіп, асфальтқа құлатқан видеосы жарияланды. Депутат мұны кейінгі жылдары оның отбасына бағытталған "кезекті ақпараттық шабуыл" деп атады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар