Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мас күйде жанжал шығарған жолаушы рейстен түсіріліп, 15 тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Мас күйде жанжал шығарған жолаушы рейстен түсіріліп, 15 тәулікке қамалды

Алматы әуежайында Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны ұшу алдындағы тексеру кезінде тәртіп бұзды. Үйіне ұшпақ болған жолаушыны көлік полицейлері рейстен түсіріп алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуе компаниясының қызметкерлері тиісті акт толтырып, тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөлмесіне жеткізді. Медициналық тексеру оның мас күйде болғанын растады. Полицияның мәліметінше, жолаушы өзін агрессивті ұстап, әуе компаниясы өкілдерінің атына балағат сөздер айтқан.

«Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері көлік полицейлері 86 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 6 810-ы – ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру, ал 719-ы – ұсақ бұзақылық деректері.

Бұған дейін Алматы-Ақтау бағытындағы FlyArystan рейсінің жолаушысы бөгде сөмкеде бомба бар-жоғын сұрағаннан кейін ұшақтан түсірілген еді. Тексеруден кейін рейс шамамен екі сағат кешігіп ұшқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар