Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Таразда Кеңес жауынгерлеріне қойылған ескерткішті қиратқан үш оқушы ұсталды

kz.kursiv.media

Таразда Кеңес жауынгерлеріне қойылған ескерткішті қиратқан үш оқушы ұсталды

Полиция қызметкерлері Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішті қиратқан күдіктілерді анықтады. Олар Тараз қаласындағы 7-сыныптың үш оқушысы болып шықты. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді.

Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылды. Ал олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында Білім басқармасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізілді.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі.

Бұған дейін Таразда 72 белгісіз жауынгерге арналған ескерткіш қирағаны белгілі болған.

Оқиғаға байланысты Ресейдің Бас консулдығы Қазақстан билігіне ресми түрде жүгінген. Дипломаттар ескерткішті қиратқандарды тауып, жауапқа тартуды талап еткен.

Кейін Жамбыл облысының полициясы Таразда Кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалдың қирауына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, ескерткіш Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда емделіп, жарақаттан қайтыс болған жауынгерлер жерленген орынға қойылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар