Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада 58 киік өлексесі табылып, қылмыстық іс қозғалды

kz.kursiv.media

Қызылордада 58 киік өлексесі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда қаласында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен полиция қызметкерлері бірлескен рейд барысында киікке ұқсас 58 жануардың өлексесін анықтады, деп хабарлайды Экология министрлігі.

2026 жылдың 20 қарашасында болған оқиғаны қазіргі уақытта бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда ақбөкен етін өңдеу жұмыстарының қарқыны бәсеңдеген. Бұған ішкі нарықтағы сұраныстың төмендігі себеп болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар