Қазақстанда ең көп шығарылатын көлік – Chevrolet Cobalt
2026 жылдың алғашқы он айында Қазақстанда Chevrolet Cobalt көлігі ең көп құрастырылды. Осы кезеңде отандық кәсіпорындар аталған модельдің 31 629 бірлігін шығарған. Жалпы елдегі автокөлік өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға өсіп, 166 590 бірлікке жетті.
Қазақстанның Автокөлік одағының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-қазанда өндіріс көлемі былтырғы осы кезеңдегі 123 769 бірліктен 166 590 бірлікке дейін артқан.
Қазан айында отандық зауыттар 19 795 бірлік техника шығарды. Бұл 2025 жылғы қазанмен салыстырғанда 37,5%-ға көп. Алайда биылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 3%-ға төмен.
Қазақстанның Автомобиль одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша, саладағы өсім қарқыны жоғары деңгейде сақталып отыр.
«Қазақстан автоөнеркәсібі жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. 2026 жылғы он айда өндіріс көлемі үштен бірден астамға артты, ал автомобильжасау үлесі 39%-ға жетті. Қазір автокөлікті көптеп шығару ғана емес, саланың өндірістік базасын мықтау да маңызды», – деді ол.
Сондай-ақ Анар Мақашева саланың одан әрі дамуы жергілікті өндірісті кеңейтуге байланысты екенін атап өтті.
«Автоөнеркәсіптің әрі қарай дамуы тікелей локализацияны тереңдетіп, автокомпонент өндірісі мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге байланысты», – деді одақ басшысы.
Он айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі жағынан Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты алда келеді. Кәсіпорын 64 310 бірлік техника шығарған.
Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты 47 464 автокөлік өндірді. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 29 191, Kia Qazaqstan 15 227 көлік құрастырды.
Бұдан бөлек, өзге кәсіпорындарда мынадай өндіріс көлемі тіркелді:
2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан кәсіпорындары 155 266 жеңіл автокөлік құрастырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,7%-ға көп.
Сонымен қатар 2 158 автобус (+5,3%), 5 482 жүк көлігі (-11,1%), 704 арнайы және мамандандырылған техника (+15,4%) шығарылды. Бұған қоса 2 980 тіркеме мен жартылай тіркеме өндірілген.
Модельдер арасында Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Он айда оның 31 629 данасы құрастырылған. Одан кейінгі орындарда Hyundai Tucson (11 239), Kia Sportage (7 922), Hyundai Mufasa (7 526) және Changan CS35 Max (5 655) модельдері бар.
Тағы да оқыңыз: Жаңа көлік саудасы рекордтық деңгейге жетті: қазанда қай брендтер көп сатылды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 23
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қараша 2026