BYD-дің Defender-ге ұқсас көлігін Еуропада сатуға рұқсат берілмеді
Қытайлық BYD компаниясы FangChengBao Ti7 жол талғамайтын көлігін Еуропалық одақ елдерінде сата алмайды. Гаага соты қытайлық модельдің сыртқы дизайны Jaguar Land Rover компаниясының Land Rover Defender көлігіне қатысты авторлық меншік құқықтарын бұзады деген алдын ала қорытындыға келді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Сот дауы BYD компаниясы жеті орындық Ti7 моделін Ұлыбритания нарығына шығаруға дайындалып жатқанын жариялағаннан кейін басталды. Компания көлікке алдын ала тапсырыс қабылдауды бастаған. Ал алғашқы жеткізілімдер 2027 жылғы қаңтарға жоспарланған.
Соттың алдын ала бағалауынша, қытайлық жол талғамайтын көлік Defender моделінің өзіндік дизайн ерекшеліктерін қайталайды. Атап айтқанда, екі көліктің мынадай ұқсастықтары бар:
Сот шешімі BYD компаниясының Еуропадағы он бөлімшесіне қатысты. Оларға Ti7 моделін Еуропалық одақ аумағына әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынды. Шектеу BYD-дің Венгрияда салынып жатқан зауытында осы модельді шығару жоспарына да әсер етеді.
Алайда сот компанияның Ұлыбританиядағы бөлімшесіне тыйым салған жоқ. Өйткені бұл мәселе бойынша шешім қабылдауға оның құзыреті жоқ.
BYD сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. Қытайлық өндіруші жол талғамайтын көлік өз бетінше әзірленгенін және JLR компаниясының құқықтарын бұзбайтынын алға тартты. Сондай-ақ сот шешіміне шағым түсірмек.
Бұған дейін Гаага соты BYD кеңселерінен Нидерландта тәркіленген файлдарды жоюды JLR компаниясына міндеттеген. Сот бұл деректерді жинауды негізсіз деп таныған.
Қытайда бұл жол талғамайтын көлік 2025 жылдан бері FangChengBao Tai 7 атауымен сатылып келеді. Ал Еуропа нарығы үшін компания Ti7 моделінің жеті орындық нұсқасын әзірлеген.
Соңғы уақытта BYD-дің Еуропадағы сатылымы айтарлықтай өсті. 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында компания 280 мыңнан астам көлік сатқан. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп.
Осы жағдайда Jaguar Land Rover компаниясымен арадағы сот дауы BYD-дің Еуропа нарығындағы ауқымын кеңейтуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Тағы да оқыңыз: BAIC Land Rover Defender-ге ұқсас көлігін таныстырды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
23 қараша 2026