Қазақстан Тәжікстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында қалды
Қаңтар–қазан айларында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара сауда көлемі 30,3%-ға артып, шамамен 1,28 млрд АҚШ долларын (574,4 млрд теңгеге жуық) құрады.
Тәжікстанның Статистика агенттігінің дерегінше, биылғы он айда республиканың сыртқы сауда айналымы 11,79 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 35,1%-ға жоғары. Қазір Тәжікстан әлемнің 133 елімен, оның ішінде ТМД-ның 10 мемлекетімен сауда-экономикалық байланыс орнатқан.
Тәжікстанның негізгі сауда серіктестерінің рейтингі мынадай:
Айта кетейік, осыған дейін биыл Қазақстаннан Тәжікстанға 417 мың тонна астық жөнелтілгенін жазған едік. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026