Эстония Ресеймен шекарасын 1 желтоқсаннан бастап жауып тастамақ
Эстония үкіметі жұма күні Ресеймен арадағы құрлық шекарасындағы барлық өткізу бекеттерін жабу туралы шешім қабылдады.
Үкіметтің бұл шешімін баспасөз мәслихатында ел премьер-министрі Кристен Михал мәлімдеді.
Ресеймен құрлық шекарасындағы барлық өткізу бекеттері, атап айтқанда, Нарва қаласындағы екі және Эстонияның оңтүстік-шығысындағы үш (Койдула, Лухамаа және Саатсе) бекет 1 желтоқсан күні таңғы сағат 7:00-ден бастап жабылады.
Михалдың айтуынша, алты айдан кейін үкімет қауіпсіздік жағдайын ескере отырып, шекараны жабу қажеттілігіне қайта баға береді.
Сондай-ақ шекараның жабылуы Эстонияның оңтүстік-шығыс өңірі мен Ида-Вирумаа аймағына тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарын жеңілдету шаралары қарастырылады.
Үкіметтің Ресеймен шекараны жабу туралы шешім қабылдауына 14 қарашада Виймси қаласындағы Threod Systems қорғаныс кәсіпорнын өртеуге жасалған әрекет түрткі болған.
Эстонияның Ішкі қауіпсіздік қызметінің (КаПо) мәліметінше, шабуылды ұйымдастыруға Ресей әскери барлауы – ГРУ тапсырма берген. Шабуылға дайындыққа қатысы бар деген күдікпен Латвияның сегіз азаматы ұсталған.
Айта кететін жайт, Эстония парламенті (Рийгикогу) Ресеймен шекарадағы өткізу бекеттерін жабу жайлы заң жобасын бірінші оқылымда қолдады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026