Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ақмола және Павлодар облыстарында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» тасжолында қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеу 20 қараша күні сағат 17.00-ден бастап күшіне енді.
Көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жолдың екі учаскесінде шектелді:
Жол ауа райының нашарлауына байланысты жабылды.
Тасжолдың ашылуы шамамен 21 қараша күні сағат 9.00-ге жоспарланған.
Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 21, 22 және 23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
20 қараша 2026