Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде лифтпен «төбелескен» үш ер адам қамауға алынды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде лифтпен «төбелескен» үш ер адам қамауға алынды

Ақтөбеде өз үйінің лифт есігін бүлдірген тұрғын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның екі танысы бес тәулікке қамалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға 18 қарашаға қараған түні 11-шағын аудандағы көпқабатты үйде болған. Полиция жазбаны әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған. Полиция таратқан видеода үш ер адам лифтке кіріп, кейін олардың бірі есікті бірнеше рет тепкілеп, содан соң жұдырықпен ұрғаны көрінеді. Есіктердің жақтауы майысып, тұрғындар лифтіні уақытша өшіруге мәжбүр болған.

Полицейлер үшеуін анықтап, бөлімге жеткізді. Полицияның мәліметінше, есікті үйдің тұрғыны Бекзат Құрақбаев бүлдірген. Онымен бірге лифтте Ақтөбе облысының тұрғындары Азамат Торымов пен Саламат Жолдыбай болған.

Үш ер адамға қатысты полиция үш әкімшілік бап бойынша материал жинады — қоғамдық орында мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша сот үшеуін де әкімшілік қамауға алу шешімі қабылданды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар