Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

kz.kursiv.media

Елімізде Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Түркістан облысында бір мезетте 50 мың басқа дейін ірі қара мал бордақылайтын кешен іске қосылды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау алаңы болып отыр. Ашылу рәсіміне премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысты.

Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан нысанды «Қайып Ата» компаниялар тобына кіретін «Түркістан Агро KZ» ЖШС салған. Кешен жемшөп өсіруден бастап мал бордақылау, сою, етті өңдеу және дайын өнімді сатуға дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды.Жаңа нысан жылына 15 мың тоннаға дейін ет өндіруге мүмкіндік береді.

Компаниялар тобына жылына 7,2 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу кәсіпорны мен қуаттылығы 46 мың тонналық құрамажем зауыты да кіреді. Сонымен қатар 1,4 мың гектар алқапта жаңбырлатып суару технологиясымен жемшөп дақылдарын өсіру және 12 мың басқа арналған заманауи мал биржасын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Кешенді салу кезінде Аустралия технологиялары қолданылған.

2024 жылдан бері Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытудың аустралиялық моделінің жекелеген тәсілдері енгізіліп келеді. Бұл тәжірибе мал өнімділігін арттыруға, өндіріс шығындарын азайтуға және бордақылау алаңдары мен мал саудасының инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қажетті мүмкіндік жеткілікті. Оның ішінде жайылымдық жер, жемшөп қоры, білікті мамандар және экспорттық әлеует бар.

«Былтыр ет экспорты 100 мың тоннадан асты. Алайда бұл еліміздің әлеуеті толық пайдаланылды деген сөз емес. Қазір агроөнеркәсіп кешенінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 6%-ды құрайды. Мал шаруашылығын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу экономикалық өсімнің қосымша көздеріне айналуға тиіс. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенінің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 10%-ға жеткізу міндетін қойып отырмыз», – деді министр.

Тағы да оқыңыз: Түркістан облысында 150 мың тонна жүгеріні өңдейтін зауыт іске қосылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар