Мұнай қымбат, инфляция жоғары: ХВҚ Қазақстан экономикасына қандай баға берді
Халықаралық валюта қорының жаңа жылдық есебінде Қазақстанның 2026 жылғы экономикалық көрсеткіштері аймақтағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып кете жатқаны атап көрсетілді.
Сарапшылардың болжамынша, биыл елдің жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,4 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Кавказ бен Орталық Азия елдерінің орташа деңгейінен (5,2 пайыздан) едәуір төмен және Өзбекстан мен Қырғызстанның қарқынынан әлдеқайда төмен.
Алдағы 2027 жылы бұл қарқын 4,9 пайызға дейін ғана біршама жанданады деген болжам бар.
Осы кезеңде еліміздегі инфляция деңгейі 11,4 пайыздан 10,3 пайызға дейін баяулағанымен, 10 пайыздан төменгі межеге (8,2 пайызға) тек 2027 жылы ғана қол жеткізуі мүмкін. Өңірлік тұрғыдан алғанда, Кавказ бен Орталық Азиядағы орташа инфляция 8 пайыздан аспайды.
Мәселен, бұл көрсеткіш Өзбекстанда 6,9 пайызды, Әзірбайжанда 5,8 пайызды, Грузияда 5,4 пайызды, Арменияда 4,6 пайызды, ал Тәжікстанда небәрі 4,1 пайызды құрайды.
Қазақстаннан жоғары инфляция тек Қырғызстанда ғана тіркелді (12,7 пайыз). Қымбатшылық жоғары екенін және қымбат мұнай сұранысты қыздырып, баға одан әррі көтеруі мүмкін екенін ескерсек, ХВҚ ақша-несие саясатын анағұрлым батыл түрде қатаңдату деп есептейді.
Бұл жағдай Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені төмендетуге әлі ерте екенін айқын аңғартады.
Халықаралық валюта қоры 2026 жылы мұнайдың орташа бағасын бір баррель үшін 95,74 доллар, ал 2027 жылы 87,39 доллар болады деген болжам жасайды.
Қазақстан Ормұз бұғазы жабылған сын сағатта нарықтың дағдарыстан өтуіне үлес қосып, мұнай өндіру көлемін арттырған Бразилия, АҚШ және Венесуэла қатарындағы шағын тізімге енді.
Алайда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен Қара теңіз арқылы жүзеге асатын экспортқа ресейлік мұнай инфрақұрылымы тарапынан жасалып жатқан шабуылдар айтарлықтай қауіп төндіріп отыр.
Сыртқы сауда әріптестерінің баяулауы сыртқы сұраныстың әлсіреуіне әкеп соқтыруы ықтимал.
Осы орайда, халықаралық сарапшылар шикізаттан түскен артық кірісті бейберекет жұмсамай, оны сақтауды, фискалдық резервтерді қайта қалпына келтіруге немесе жоғары кірісті инвестицияларға бағыттауды қатаң ескертеді.
Бұған дейін The Economist журналы 2027 жылға арналған жыл сайынғы The World Ahead 2027 болжамында, қарыз дағдарысы орын алады деген болжам жасаған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 17
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026